Қоғам

Нұрсұлтан Назарбаев Жаңа жылды қайда қарсы алатынын айтты

© Официальный сайт Президента КазахстанаНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент "Жаңа жылды қайда қарсы алсаң, сонда жұмыс істейсің" деген мәтелге сүйенеді

АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО конгресс орталығында қайырымдылық балында сөйлеген сөзінде Жаңа жылды қайда қарсы алатынын айтты.

"Президент Жаңа жылды қайда қарсы алады деп сұрап жатады. Кеңсемде. Өйткені қайда қарсы алсаң, келесі жылы сонда жұмыс істейсің", — деп мемлекет басшысы сөзін әзілмен бастады.

Президенттің сөйлеген сөзінің видеосын әлеуметтік желіде Ғазиза Райымбек жариялады.

 

 

Президент өмірдегі ең маңызды дүниені еске салды.

"Дұрыс өмір сүру үшін, еліміз гүлденіп, болашақта өзінің ізгі орнын иеленуі үшін жұмыс істейміз. Ең бастысы – біздің бірлігіміз, өзара сеніміміз бен құрметіміз және бір-бірімізге қолдау көрсетуіміз", — дейді ол.

Жаңа жылдық бал 28 желтоқсанда болды.

Жаңалықтар
0