Қоғам

ЭКСПО аумағында керемет жаңа жылдық бағдарлама өтеді

© SputnikШырша
Шырша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түрлі сайыстар мен тамаша сыйлықтар, дәу қуыршақтар және т.б. қызықтар көп болмақ

АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik.Жаңа жыл түні ЭКСПО көрмесі аумағында Астана тұрғындары мен қонақтарына арналған керемет ойын-сауық бағдарлама ұйымдастырылады.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Нұрсұлтан Назарбаев Жаңа жылды қайда қарсы алатынын айтты

31 желтоқсанда сағат 21:00 мен 03.00 аралығында еліміздің бас шыршасы маңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді. Түнгі сағат он екіде отшашу басталмақ.

29 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында ЭКСПО мұз айдынында әртүрлі сайыстар мен ұтыстар ұйымдастырылады, аниматорлар мен дәу қуыршақтар балалардың көңілін көтеріп, қайталанбас мереке сыйлайды: 

  • 29 желтоқсан – 12:00-17:00, 18:00-23:00;
  • 30 желтоқсан – 14:30-18:00, 19:30-23:00;
  • 31 желтоқсан – 14:30-18:00;
  • 1 қаңтар – 12:00-17:00, 18:00-23:00;
  • 2 қаңтар – 14:30-18:00, 19:30-23:00.

Жаңалықтар
0