19:37 15 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD419.02
  • EUR494.02
  • RUB5.71
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
450 0 0

Тауық жылы қол бұлғап, есіктен ит жылы сығалап тұр

АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. Жаңа жылды әркім асыға күтетіні рас. Себебі жаңа жыл – жаңа бақыт, жаңа табыс, жаңа үміт. Бірақ Ит жылының дәл сіз ойлағандай болуы жаңа жылды қалай қарсы алатыныңызға да байланысты.

Жаңа жылмен байланысты ырым-тыйымдар, наным-сенімдер көп-ақ. Солардың бірсыпырасын еске түсіруді жөн көрдік.

Сонымен, 31 желтоқсан күні не істеуге болмайды?

  • Жаңа жыл қарсаңында ешкімнен ақша алмаған дұрыс. Әйтпесе бір жыл бойы қарызға батып жүресіз деген наным-сенім бар.
  • 2018 жыл мәнсіз, ұйқымен өткенін қаламасаңыз, жаңа жыл түні сергек жүріп, ұйықтамауға тырысыңыз.
  •  Жаңажылдық дастарқаныңыз дәмді мен тәттіге толы болсын. Бұл да келер жылы үйіңізде береке мен молшылық деген ырыммен.
  • Жаңа жыл алдында үйдегі жарық, сынық ыдыс-аяқтан құтылуға, терезелер мен айнаны жуып, тазалап қоюға кеңес береміз.
  •  2018 жылы сәтсіздіктерге душар болғыңыз келмесе, 31 желтоқсан күні жыл бойғы қиындықтарыңызды ұмытып, тек көңіл сергітер тақырыптарда әңгімелескен жөн.
  •  Ит жылын лас, жиналмаған үйде қарсы алу – жамандықтың белгісі. Себебі жаңа жылда сіздің де өміріңіздің астаң-кестеңі шығып, сәтсіздікке ұрыну қаупі бар. Сондықтан Жаңа жыл қарсаңында үйді тап-тұйнақтай жинап, жуып-тазалаған жөн. Бірақ мұны 31 желтоқсанда емес, оның алдында жасау керек.
  •  Жаңа жылда жалғыз қалмауға тырысыңыз. Мерекені туған-туыстар мен жақын достардың ортасында қарсы алған абзал.
  •  Өткен жылға өкпелеп, реніш сақтауға болмайды. Керісінше, бақытты сәттеріңізді көбірек еске түсіріп, шүкіршілік етіңіз. Сонда келе жатқан 2018 жылы да қуанышты сәттеріңіз мол болмақ.
  •  31 желтоқсанда біреумен жанжалдасып, кикілжіңге бармаған абзал. Әйтпесе Жаңа жылда қас дұшпандарыңызды көбейтіп алуыңыз ғажап емес.
  •  31 желтоқсан күні сағат кешкі 18:00-ден кейін үйден қоқыс шығаруға болмайды. Үлгермей қалсаңыз, ертесі күнге қалдырыңыз.

Тақырып бойынша

"Үйге кіріп келе жатқан бала құлап қалса..." Қазақтың ырым-тыйымы туралы не білеміз?
Елімізде ырым-тыйымдарды түсіндіретін анимациялық фильм түсірілді
Кілт сөздер:
ит жылы, 31 желтоқсан, жаңа жыл, ырым-тыйымдар
Загрузка...

Басты тақырып