00:26 19 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD387.14
  • EUR428.18
  • RUB6.06
Оқушы, архив сурет

Қазақ қызы менталды математикадан өткен халықаралық жарыста 1-орын алды

© Sputnik /
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
106 0 0

Бесінші сынып оқушысы алдағы уақытта менталды есептеудің жаңа деңгейін меңгермек

АСТАНА, 4 қаңтар — Sputnik. Ақтауда бесінші сыныпта оқитын Орынгүл Арыстан менталды математикадан халықаралық жарыста бірінші орын иеленді, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Малайзияда өткен жарыста әлемнің түпкір-түпкірінен келген үш мың оқушы бақ сынасқан. Алайда Орынгүл сегіз минут ішінде 200 есеп орындап, бәрін шаң қаптырып кетті. Оқушы қыз әзірше екі таңбалы сандармен жұмыс істейді – бұл менталды математиканың екінші деңгейі.

Ал енді бір жылда Орынгүл төрт орынды сандарды ойша есептеуді меңгеріп шықпақшы. Алғыр қыздың халықаралық жарыстарда алар асуы әлі алда.

Загрузка...

Басты тақырып