Қоғам

Елімізде белгісіз дертке шалдыққан балаларға ем табылмай отыр

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуАурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда ауруы анықталмаған төрт науқас бар

АСТАНА, 4 қаңтар — Sputnik. Елімізде белгісіз дертке шалдыққан 4 балаға ем табылмай отыр, деп хабарлайды КТК.

Дәрі тамызғыш, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Әлем
Айықпас дертке шалдыққан қыз өліміне бірнеше сағат қалғанда тұрмысқа шықты

Төртеуі де кәмелеттік жасқа толмаған қыз бала. Мәселен, қостанайлық 15 жастағы Наталья 6 жыл бойы белгісіз дертпен күресіп келеді. Ол алғаш рет суық тиіп ауруханаға түскен. Уақыт өте буындары сырқырап, жүріп-тұруы қиындаған.

Ең қиыны – отандық дәрігерлер жасөспірімге жылда түрлі диагноз қойып, емін таппай жүр. Енді ақ халаттылар елде жоқ "канакинумаб"  деген препаратты жазып беріпті. Ол дәрінің әр ампуласы 3 миллион теңге тұрады. 

Астаналық Алина да 6 жылдан бері үйде отыр. 13 жастағы қыздың аяқ-қолы қақсайды. Дәрігерлер айтқан препараттарды үзбей ішіп, салдарынан көзі көрмей қалған соң, қазір дәріні мүлдем тоқтатыпты.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл жайтты фармакомпаниялардың мұндай дәрілерді жеткізуге мүдделі емес екенімен түсіндірді. 

"Сирек кездесетін дертке шалдыққан науқастар аз. Былайша айтқанда, жылына 2-3 ампула немесе бірнеше қаптама жетеді.  Бұл фармакомпанияларға тиімсіз, сондықтан да дәрі-дәрмекті Қазақстанда тіркемейді. Мұндай жағдайда нақты науқастар үшін дәрі-дәрмек жеткізу механизмін пайдаланамыз", — деді ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Қазір Қазақстанда канакинумаб дәрісіне төрт бала мұқтаж. Ата-аналары шенеуніктерге қанша рет хат жазса да, әлі еш нәтиже жоқ. Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті басқармаға бұл мәселені қолға алуды тапсырды.

Жаңалықтар
0