05:58 19 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
500 теңгелік банкнота

Кімдер 45 жасында зейнеткерлікке шыға алады?

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1347925

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдері 8 пайызға, қалған барлық әлеуметтік төлем 6 пайызға көтерілді

АСТАНА, 4 қаңтар — Sputnik. Биылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы бірте-бірте ұлғайтылып, 10 жыл ішінде ерлермен теңестіріледі. Алайда көп балалы аналар бұрынғысынша 53 жасында, 1949 және 1963 жыл аралығында Семей полигонында кемінде 5 жыл тұрған әйелдер 45 жасында, ер адамдар 50 жасында зейнеткерлікке шығады. Бұл туралы "Отырар" арнасындағы "Жаңа күн" бағдарламасында Әлеуметтік төлеуді ведомоствоаралық есептеу орталығы ОҚО филиалы директорының орынбасары Несібелі Қаражанова айтты. 

Оның мәліметінше, жаңа жылда барлық көрсеткіштің өсуіне орай зейнетақы, жәрдемақы төлемдері қайта индекстеледі. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдері 8 пайызға, қалған барлық әлеуметтік төлем 6 пайызға көтерілді. 

"Мемлекеттік сақтандыру қорынан төленетін төлемдер 16 пайызға өсті. Былтыр ең төменгі зейнетақы көлемі 28 148 теңге болса, биыл 33 745 теңге болды. Базалық зейнетақы былтыр 12 802 теңге болса, 1 шілдеде 14 466, енді биылдан бастап 15 270 теңгеге көтеріліп отыр. Базалық зейнетақы былтыр 45 мың болса, 1 қаңтардан бастап 49 019 теңгені құрайды. Бұл еңбек зейнетақысы мен базалық зейнетақыны қосқандағы ең төменгі зейнетақы көрсеткіші. Жұмыс істеп зейнетақы қорына аударған азаматтардыкі 1 шілдеде 104 374 теңге болса, енді 1 қаңтардан бастап ең төменгі айлық көрсеткіштің өсуіне (2 405 теңге) байланысты 111 мың теңгенің есебінен есептеледі", — деп түсіндірді ол.  

Зейнеткер
© Photo : Пресс-служба правительства для граждан
Несібелі Қаражанова 1 қаңтардан бастап әйелдердің жасына байланысты өзгерістер енгізілгенін атап өтті. 1960 жылы туған әйелдер бұрынғы заң бойынша 58 жаста зейнеткерлікке шықса, ендігі заң бойынша 58 жас 6 айда шығады. 

"Биыл 2018 жылдан бастап әр жылда 6 айға көтеріледі де, 10 жыл ішінде ер кісілермен қатар зейнеткерлікке 63 жаста шығатын болады. 53 жаста зейнеткерлікке шығатын көп балалы аналар, 1949 және 1963 жыл аралығында Семей полигонында кемінде 5 жыл тұрған азаматтар болса, әйелдер 45 жаста, ер кісілер 50 жаста зейнеткерлікке шығады. Олардың зейнеткерлік жасы көтерілмейді", — деп толықтырды директордың орынбасары.


Кілт сөздер:
зейнет жасы, зейнетақы қоры, зейнетақы
Загрузка...

Басты тақырып