Қоғам

Астана тұрғыны супермаркеттен 17 қорап Merci кәмпитін ұрламақ болған

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСот отырысы, архивтегі фото
Сот отырысы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға 2017 жылдың қарашасында "5 минут" супермаркетінде болған

АСТАНА, 4 қаңтар — Sputnik. Астана тұрғыны супермаркеттен 17 қорап Merci кәмпитін ұрламақ болғаны үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады елордалық соттың баспасөз қызметі.

Парфюм - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Әсемдікке құштарлық: Астанада иіссу дүкенінің күзетшісі ұрлық жасап сотталды
Оқиға 2017 жылдың қарашасында "5 минут" супермаркетінде болған. Әйел жанында ешкім жоқтығын пайдаланған. 

 "Дегенмен қылмысты соңына дейін жасай алмаған, оны супермаркеттің күзет қызметі ұстап алған", — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының үкімімен әйел ҚК 24-бабы 3- бөлімі, 188-бабы 1-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан айырылды.   

Үкім заңды күшіне енді.   


Жаңалықтар
0