21:39 18 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Мессенджер WhatsApp

"Маған қоқан-лоққы жасап жатыр". Меруерт Түсіпбаева өзін тілдегендермен соттаспақ

© Sputnik / Наталья Селиверстова
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
340502

Әнші өзіне тіл тигізіп, ғайбат сөз айтқандарды сотқа бермек

АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. Әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева өзіне қоқан-лоққы жасап, желіде тілдеп, арын қорлағандарды сотқа бермек. 

"Біз демократиялық қоғамда тұрып жатырмыз. Мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ретінде миллиондар қатарында өз пікірімді айттым. Бұған менің құқығым бар!! Оған жауап ретінде апалы-сіңлілер маған тіл тигізіп, арымды қорлап, жала жапты!! Кешегі күннен бастап маған қоқан-лоққы жасап жатыр. Мен көп уақыт шыдадым. Енді тиісті құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүрмін. Ескертемін! Барлық қоңыраулар, комментарийлер жазылады. Сотта кездесеміз!", — деп жазды Түсіпбаева әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Меруерт Түсіпбаеваның Instagram парақшасындағы жазбасы
© Sputnik / Меруерт Түсіпбаеваның Instagram парақшасының скриншоты
Меруерт Түсіпбаеваның Instagram парақшасындағы жазбасы

Бірақ кейін әнші бұл жазбасын өшіріп тастады. Артынша парақшасына өзін тілдегендердің жазғанын салып, тіпті біреуінен жауап алынып жатқанын жеткізді. 

"Біздің елімізде тіпті сериал туралы пікір айту қауіпті", — деп жазған әнші.

Айта кетейік, Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзованың даулы "Қозы Көрпеш — Баян Сұлу" телехикаясын сынап, оны түсіруге жұмсалған мемлекет қаражатын қайтаруды талап еткен болатын. Бұған продюсер "Хит әндер орындап, керемет рөлдерді сомдай алмағаның үшін кешірерсің. Сол себепті продюсер ретінде сенің кәсіби біліктілігіңе күмән келтіремін, оған толықтай хақым бар. Өкпе-ренішіңнің де орны бар, рөл берсек, басқаша сайрайтын едің", — деп жауап берді.


Загрузка...

Басты тақырып