Қоғам

Астана әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс болды

© Sputnik / Болат ШайхиновАстана әкімдігінің ғимараты
Астана әкімдігінің ғимараты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала әкімі қызметінен босатылған шенеуніктердің алдағы бастамаларына сәттілік тілеп, алғыс хаттармен марапаттады

АСТАНА, 8 қаңтар — Sputnik. Бүгін елорда әкімі Әсет Исекешев аппарат жиналысы барысында кадрлық өзгерістер туралы айтты, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.  

Гүл мен шырақ - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астана әкімдігі құрылыс басқармасының басшысы қайтыс болды
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымына тағайындалуына байланысты Егемберді Ерғали Қуандықұлы Астана қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры лауазымына тағайындалуына байланысты Оралов Асхат Раздықұлы Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы лауазымынан босатылды.

Сонымен қатар, Жапаев Бақтыбек Бекенұлы Астана қаласы Энергетика басқармасының басшысы лауазымынан өз еркімен босатылды.

Қала әкімі оларға атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіріп, бастамаларына сәттілік тілеп, алғыс хаттармен марапаттады.


Жаңалықтар
0