10:15 23 Шілде 2018
Тікелей эфир
  • USD346.68
  • EUR404.02
  • RUB5.47
Ақша

Назарбаев қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізуді тапсырды

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Елбасының Қазақстан халқына жолдауы (12)
97210

Елбасының "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына жолдауы жарияланды

АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар қосымша мемлекеттік жәрдемақы алады. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жолдауында айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Елбасы жолдауында Қазақстан өзінің әлеуметтік міндеттемелерінің барлығын толықтай орындайтынын аттап өтті.

"Республикалық бюджеттің әлеуметтік салаға бөлінген шығыны 2018 жылы 12 процентке өсіп, 4,1 триллион теңгеден асты. Әлеуметтік төлемдерді, соның ішінде зейнетақыны өсіру 3 миллионнан астам қазақстандықтың табысын көбейтеді. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы 8 процентке артты. Мүгедектерге, асыраушысынан айырылған және мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасыларына арналған жәрдемақылар 16 процентке дейін өсті. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты орташа алғанда 1,8 есе көбейетін болады. Бұдан бөлек, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізуді тапсырамын. Бір ең төменгі күнкөріс деңгейінен кем емес мұндай жәрдемақыны шамамен 14 мың отбасы ай сайын алады. 2018 жылы осы мақсатқа 3 миллиард теңгеге дейін қаржы қажет болады", — деді Елбасы жолдауында.

Тақырып:
Елбасының Қазақстан халқына жолдауы (12)
Кілт сөздер:
жолдау, зейнетақы, жәрдемақы, Нұрсұлтан Назарбаев

Басты тақырыптар