00:07 17 Шілде 2018
Тікелей эфир
  • USD343.45
  • EUR399.57
  • RUB5.52
Астананың келбеті

Астанада оқушылар мен колледж студенттеріне сабақ болмайды

© AP Photo / Sergei Grits
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
304 0 0

Еліміздің елордасында күшті жел тұрып, бұрқасындатып жатыр

АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Астанада бірінші ауысымдағы 1-11-сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды. 

"Астана қаласы білім басқармасы ауа райының нашарлауына байланысты бірінші ауысымдағы 1-ден 11-сыныпқа дейінгі оқушылар, сондай-ақ 1-2 курс студенттері үшін сабақ тоқтатылғанын хабарлайды", — деп жазылған "109" телефон нөмірі арқылы таратылған хабарламада.

 Астанада қазір ауа температурасы 9 градус суықты көрсетіп тұр. 

 Қысқы кезеңде ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әкімшілігі қаланың білім беру ұйымдарында (жалпы білім беретін мектептерде және колледждерде (1-2 курс студенттері үшін) сабақты тоқтату параметрлерін жариялады.  

Басты тақырыптар