00:32 17 Шілде 2018
Тікелей эфир
  • USD342.49
  • EUR400.85
  • RUB5.51
Мектеп оқушылары

Сағынтаев ұстаздардың жалақысын өсіру бойынша министрлікке тапсырма берді

© Foto : управление образования Астаны
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
229932

Президент халыққа жолдауында ұстаздардың жалақысын өсіру міндетін қойды

АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын отыз пайызға өсіру бойынша қажетті шараларды қолға алуды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Білім және ғылым министрлігі еңбек, ұлттық экономика, қаржы министрліктері мен әкімдермен бірлесе 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап жаңартылған білім мазмұнына көшкен 1, 2, 5, 7 сынып мұғалімдерінің лауазымдық еңбекақысын 30 пайызға көтеру, ал бірінші қыркүйектен бастап қосымша 3, 6, 8 сынып ұстаздарының жалақысын өсіру бойынша шараларды қолға алуды тапсырамын", — деді Сағынтаев үкімет отырысында.

Сонымен қатар 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізіледі. Категориялар бүкіл әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік тест арқылы берілетін болады. Бұл педагогтарды өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандырады. Нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 проценттен 50 процентке дейін өседі.

Бұдан бөлек, үкімет басшысы ТМД мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесін зерделей отырып, оқушылардың жүктемесін төмендету бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырады.

Басты тақырыптар