01:10 20 Сәуір 2018
Тікелей эфир
Құтқарушылар көлігі

Ауа райының бұзылуына байланысты жағдай бақылауға алынды – ІІМ

© Foto: КЧС МВД РК
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Астанада қатты боран соқты (17)
118 0 0

Астана қаласы мен бірқатар облыста ауа райы бұзылып, жолдар жабылды

АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Ішкі істер министрлігі ауа райының бұзылуына байланысты жағдайды бақылауға алып, жедел ақпараттарды халыққа уақытында жеткізіп отыр. Бұл туралы үкімет отырысында министр Қалмұханбет Қасымов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Ауыр жүк тасығыш көлік, архивтегі фото
© Sputnik / Евгений Епанчинцев
"Боран соғып, желдің күшейіп, ауа райының бұзылуына байланысты көліктердің қозғалысын шектеп, бақылауға алу бойынша шаралар қолға алынды. Қазір Астанадан шығатын барлық жол жабылды. Ақмола, Қарағанды,Павлодар және Қызылорда облыстарында да жол жабылды", — деп баяндады Қасымов үкімет отырысында. 

 Министрдің айтуынша, барлық жолда бақылау бекеттері орнатылып, жол полициясы, жол қызметтері жұмыс істеп жатыр, төтенше жағдайлар комитеті құтқарушыларының кезекшілігі ұйымдастырылды. 

"Астана мен облыс орталықтары, елді мекендерде облыстық полиция мен төтенше жағдайлар басқармасы жол тазалап жатқан коммуналдық қызметтерге көмек көрсетуде. Қажет болған жағдайда резервте тұрған күштер пайдаланылады, олар дайын тұр. Жағдайды бақылауда ұстап отырмыз, халық ауа райы туралы ақпаратты тұрақты түрде алуда", — деп сендірді министр.


Тақырып:
Астанада қатты боран соқты (17)

Басты тақырыптар