21:19 20 Қаңтар 2018
Тікелей эфир
Бұрқасын, архивтегі сурет

Астана әкімдігі қала тұрғындарын үйден шықпауға шақырды

© Sputnik / Виталий Аньков
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Астанада қатты боран соқты (17)
103610

Құрылыс алаңдарынан ары жүріп, жарнама ілінген тақталардан сақтанып, электр сымдары мен ағаштардан айналып өту керек

АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Астана әкімдігі ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын абай болуға шақырады, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында, барынша көшеде абай болуларыңызды сұраймыз", — деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ әкімдік мүмкіндігінше үйден шықпауға кеңес берді. Бұрқасын жел болған жағдайда, далада қалған болсаңыз, қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. 

 Атап айтқанда, құрылыс алаңдарынан ары жүріп, жарнама ілінген тақталардан сақтанып, электр сымдары мен ағаштардан айналып өту керек.

Төтенше жағдайлар департаменті кез келген жағдайда 112 нөміріне хабарласуын сұрайды.

Дәл қазір қаладағы барлық коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

 

Тақырып:
Астанада қатты боран соқты (17)

Басты тақырыптар