Қоғам

Астанада екінші ауысымда оқитын оқушыларға да сабақ болмайды

© Sputnik / Болат ШайхиновОқулық
Оқулық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Таңертең бірінші ауысымдағы оқушылар мен колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмады

АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымда оқитын оқушыларға сабақ болмайды.

"11 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты (дабылды ескерту) қала мектептерінің ЕКІНШІ ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушыларына және колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды", — деп жазылған Астана қаласының Білім басқармасының хабарламасында.

Бұрқасын - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада жоғалған баланың анасы мән-жайды айтты
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада боранда мектеп оқушысы жоғалып кетті. Бұл ақпаратты елорда ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі София Қылышбекова растады. 

 "Бала 2009 жылы туған, 2-сыныпта оқиды, есімі Руслан. Ата-анасы сабақ болмайтынын айтып, үйден шықпауын ескерткен. Алайда бала тыңдамай, таңғы сағат 07:44-те мектепке барамын деп шығып кеткен. Қазіргі таңда полицейлер оқушыны іздестіріп жатыр", — деді ІІД жетекшісі. 


Жаңалықтар
0