15:50 19 Қазан 2018
Тікелей эфир
  • USD364.35
  • EUR419.95
  • RUB5.56
Светлана Жақыпова

Вице-министр жаңа жәрдемақының қанша теңге болатынын айтты

© Foto : Служба центральных коммуникаций
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Жәрдемақы қалай төленеді (19)
204811

Жақында Елбасы Қазақстан халқына жолдауында қосымша мемлекеттік жәрдемақы енгізуді тапсырған болатын

АСТАНА,  11 қаңтар – Sputnik. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова кәмелетке толған, бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналарға ай сайын 29 мың теңге көлемінде жәрдемақы төленетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Бүгінде елімізде мүгедек баласы 77 мыңдай отбасы ай сайын 29 мың теңге көлемінде жәрдемақы алып отыр. Ол жәрдемақы 18 жасқа дейін төленеді. Ал енді шілдеден бастап Елбасының тапсырмасымен кәмелетке толған бірінші топтағы мүгедектер үшін бұл төлем жалғаса береді. Жәрдемақы көлемі сол шамада қалады. Қосымша мемлекеттік жәрдемақыны 14 мың отбасы алатын болады", — деді Жақыпова. 

Оның айтуынша, жаңа жәрдемақы тек бірінші топтағы мүгедектерге ғана төленеді, қалған топтағы мүгедектер қамтылмаған. 

"Егер мүгедектік мерзімі өмір бойына белгіленсе, жәрдемақы да өмір бойы төленеді. Ал 5-6 жыл болса, онда тиісінше төлем мерзімі де соған сай белгіленеді. Бірақ, өкінішке қарай, бала кезінен мүгедектер өмір бойы жарымжан болып қалады. Сондықтан төлем де өмір бойы төленеді", — деді вице-министр.

Тақырып:
Жәрдемақы қалай төленеді (19)
Загрузка...

Басты тақырыптар