20:58 17 Қаңтар 2018
Тікелей эфир
Қарт әйел

Ғалымдар әйелдердің ер адамдарға қарағанда неге ұзақ өмір сүретінін түсіндірді

CC0 / Free-Photos
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
180 0 0

Зерттеушілер әр түрлі ғасырдағы өмір сүру ұзақтығының көрсеткіштерін талдаған

АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Әйелдер биологиялық ерекшеліктерінің арқасында ер адамдарға қарағанда ұзақ өмір сүреді. Германия мен Данияның бір топ ғалымы зерттеу барысында осындай тұжырымға келді.

Ғалымдардың зерттеуі Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жарияланған.

Зерттеушілер Тринидад аралындағы құл саудасы (1498-1807 жылдары), Исландиядағы қызылша індеті, Ирландия, Швеция мен Украинадағы аштық кезеңдеріндегі өмір сүру ұзақтығының көрсеткіштеріне талдау жасаған. Анықталғандай, Тринидадтан басқа барлық жерде әйелдер ерлерге қарағанда ұзақ өмір сүрген. 

Сондай-ақ, Ирландиядағы аштық кезінде (1845-1849) ерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы 18,17 жасты құраса, ал әйелдерде 22,4 жас болған. Індетке дейін ерлер мен әйелдер шамамен 38 жасқа дейін өмір сүрген. 

Ғалымдар мұны биологиялық себептермен түсіндіріп отыр, алайда әйелдердің артықшылығы нақты неде екені әзірге белгісіз.

Басты тақырыптар