21:19 20 Қаңтар 2018
Тікелей эфир
Автокөліктер кептелісте тұр

Еліміздің алты облысында жолдар жабылды

© Sputnik / Евгений Одиноков
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
61 0 0

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жолдар жабылды

АСТАНА, 12 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның алты облысында боранға байланысты автокөліктің барлық түрі үшін барлық бағытта жолдар жабылды, деп хабарлайды "Қазақавтожол" РМК. 

Ақпаратқа сәйкес, Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығынан көліктің барлық түрі үшін барлық бағытта қозғалыс тоқтатылды. 

Шығыс Қазақстан облысында Павлодар облысының шекарасы-Бесқарағай ауылы, республикалық маңыздағы "Омбы-Майқапшағай" (667-587 км) тас жолында қозғалыс жабылды. 

Қарағанды облысында барлық бағыт бойынша жол қозғалысы тоқтады. 

Павлодар облысында барлық автокөлік түрі үшін барлық бағытта жол жабық. 

Қостанай облысында облыстық маңыздағы "Арқалық-Торғай" (0-287 км), "Әулиекөл-Жолдама" (0-257 км) автожолдарының учаскесінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды. 

Солтүстік Қазақстан облысында "Астана-Петропавл" (0-341 км) А-1 автожолы учаскесінде, Солтүстік Қазақстан облысы шекарасынан Көкшетау бағытына шығатын жолаушылар көліктері үшін қозғалыс шектелді. Сондай-ақ, Айыртау, Ақжар, Ғ.Мүсірепов, Тайынша, Уәлиханов аудандарында автокөліктің барлық түрі үшін  облыстық маңыздағы тас жолдарда қозғалыс тоқтатылды.

Басты тақырыптар