00:11 17 Шілде 2018
Тікелей эфир
  • USD342.49
  • EUR400.85
  • RUB5.51
Бекмырза Игенбердинов

Игенбердинов: ақылы тұрақты пайдаланғыңыз келмесе, қоғамдық көлікке отырыңыз

© Sputnik / Жания Уранкаева
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
10 0 0

15 қаңтардан бастап Нұржол бульварінде ақылы тұрақтар пайда болады. Қалалық жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов көлігін тұраққа қойғаны үшін ақы төлегісі келмейтіндерге басқа шешім ұсынды

Оның айтуынша, Нұржол бульварі  маңында орналасқан компаниялар өз жұмысшыларына ғимарат ішінен тұрақ ұсынады. Жақын маңда жұмыс істейтін астаналықтар бұл тұрақтарды пайдалану үшін ақылы абонемент сатып ала алады. Нұржолдағы тұрақтардың бағасы сағатына 100 теңге. 

"Бізде мынадай да жүйе бар, бірнеше адам бірігіп, 200 теңгеден жиналады да, такси жалдайды. Осылайша қалаған жеріне барып, қайта алады. Жұмысқа барудың жолы көп қой. Өз көлігіне отыруға, такси шақыруға, қоғамдық көлікпен баруға немесе жаяу жетуге де болады", — дейді Игенбердинов.

Басты тақырыптар