Қоғам

Әнші Ерлан Көкеев Bek Air-ді сотқа бермек

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСот отырысы, архивтегі фото
Сот отырысы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көкеев әлеуметтік желідегі жеке парақшасында Bek Air ұшағы таңертең Алматыға ұшып келгенін хабарлады

АСТАНА, 14 қаңтар — Sputnik. Танымал қазақстандық музыкант Ерлан Көкеев музыкалық аспаптарын бүлдіргені үшін  Bek Air әуе компаниясын сотқа беруді жоспарлап отыр.  

"Бүгін таңертең Bek Air әуе компаниясының ұшағымен Алматыға келдік. Музыкалық аспаптарымызды мынадай күйге түсіріпті! 25 жыл бойы гастрольдік сапармен жүрсем де мұндай жағдайға алғаш рет тап болып отырмын! Бұл жай ғана аспаптар емес, қымбат бағалы музыкалық аспаптар", — деп жазды музыкант Facebook-тегі парақшасында. 

Олар әуежайда осы әуе компаниясының өкілдерін шақыруды талап етсе де, ешкім орнында болмай шыққан.  Bek Air кеңсесіндегі қызметкерлер демалыс күні болғандықтан жауапты ешкім жоқ екенін, сондықтан көмектесе алмайтындықтарын айтқан.  

"Біз адвокатпен ақылдасып, полиция шақырдық, әуежайдың қауіпсіздік қызметі өкілдерімен бірге аталған деректі құжат жүзінде тіркеп, фотоға түсірдік. Енді материалдық және моральдық шығынды өтеу үшін  Bek Air компаниясын сотқа бремекпіз", — деп атап өтті Көкеев.  


Жаңалықтар
0