Қоғам

Исекешев Астананы қандаладан тазартуға уәде берді

© Sputnik / Егор Алеев / Медиабанкке өтуСтуденттер жатақханасының архивтегі фотосы
Студенттер жатақханасының архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордадағы жоғары оқу орындарының бірінің жатақханасынан студент қыз қандала көрген

АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik.  Астана әкімі Әсет Исекешев елордадағы жоғары оқу орындарының бірінің жатақханасын қандала басып қалғаны жайлы шағым түскеннен кейін бұл проблеманы шешуге уәде берді. 

Автобус - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астана әкімі автобус жолақысы туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді
"Менің сіңлім медициналық университетке түсіп, қатты қуанып еді. Жатақханаға орналасқаннан кейін қуанышы су сепкендей басылды. Ұйқыға жатқанда өзін жайсыз сезінетін болған. Таңертең денесінің барлығы қышитын көрінеді. Көп уақыт неден екенін білмей жүрген. Ақыр соңында төсегінен қандала тауып алған", — деп жазды Айна Мұқашева атты қолданушы Facebook-те.

Оның айтуынша, студент қыз жатақхананың әкімшілігіне шағымданған, ондағылар улау жұмыстарын жүргіземіз деп құрғақ уәдемен шығарып салыпты. Кейінірек проблеманы өздерің шешіңдер деген.     

Шағымға Астана әкімі Әсет Исекешев жауап қайтарды. Ол бұл проблеманы ЖОО-ның жатақханасында ғана емес, Астана бойынша шешуді тапсыратынын хабарлады.   


Жаңалықтар
0