Қоғам

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: "Мерседес" жүргізушісі куәлігінен айырылды

© SputnikЖүргізуші куәлігі
Жүргізуші куәлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2017 жылдың 26 желтоқсанында "Мерседес" көлігінің 19 жастағы жүргізушісін куәлігінен айыру туралы сот қаулысы шықты

АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. Алматыдағы Әл-Фараби көшесіндегі жантүршігерлік жол апатына себепкер жігіт үш жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Mercedes соққысынан жаяу жүргіншінің денесі екіге бөлініп қалды - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қасымов Әл-Фарабидегі жантүршігерлік жол апаты туралы: қылмыстық іс жабылды

Сот қаулысы 2017 жылдың 26 желтоқсанында оқылған.

Құжатта жүргізушінің не себепті көлік айдау құқығынан айырылғаны түсіндіріліпті. 

"30.07.2017 күні сағат 02.10 кезінде Алматыда Сұлтанов С.А. "Мерседес" көлігіне мініп Әл-Фараби даңғылымен келе жатып, мас күйінде ұсталған. Істің тыңдалатын күнді біле тұра, Сұлтанов еш себепсіз сотқа келмеді, істің қаралуын кейінге қалдыру туралы да өтініш түспеген", — делінген қаулыда. Құжатта жүргізушінің қатысуынсыз істің қаралғаны айтылыпты.

Сонымен Сұлтанов Сұлтанбейбарыс Ақперұлы ҚР ӘҚБК 608-бабы 1-тармағында қарастырылған әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін айыпты деп танылып, көлік жүргізу құқығынан үш жылға айырылды.

Жантүршігерлік жол апаты өткен жылы 30 шілдеде болған. Mercedes көлігі жаяу жүргіншіні қағып өлтіреді. Соққының қатты болғаны соншалық, ер адамның денесі екіге бөлініп қалған. Тұрғынды қаққан жүргізуші оқиға орнынан қашып кетіп, көлігін "Горный гигант" ауданында тастап кетеді. Кейін полицейлер оны тауып, ұстаған.


Жаңалықтар
0