Қоғам

Назарбаев Ақтөбедегі трагедияға байланысты Мирзиёевке көңіл айтты

© SputnikАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылды

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.   

Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысында жолаушылар автобусының өртенуі салдарынан Өзбекстан азаматтарының қайғылы қазаға ұшырауына байланысты көңіл айтты.

Зардап шеккендерді ауруханаға жеткізу, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақтөбеде автобустағы өрттен аман қалғандардың аты-жөні белгілі болды
"Орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіріп, Қазақстан халқы және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қолдауым мен ниеттестігімді жеткізуіңізді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін",-делінген жеделхатта.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылды.


Жаңалықтар
0