Қоғам

Ақтөбе облысында автобустағы өрттен қаза болғандардың аты-жөні белгілі болды

© Sputnik / Руслан Кривобок / Медиабанкке өтуМұсылмандық
Мұсылмандық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта қаза болғандардың ең үлкені 41, ал кішісі 19 жаста болғаны белгілі

АСТАНА, 19 қаңтар — Sputnik. Өзбекстанның төтенше жағдайлар министрлігінің сайтында Ақтөбе облысында автобустағы өрттен қаза болғандардың алдын ала тізімі жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Қаза болғандардың бәрі Өзбекстанның Наманған облысының тумалары. Жолаушылардың ең үлкені 41, ал ең кішісі 19 жаста болған. Барлығы тізімде 29 адам. Сондай-ақ зардап шеккендердің тізімінде екі адам бар, олар да Наманған облысының тұрғындары. 

Нұр-Астана мешіті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Еліміздің барлық мешітінде жұма намазында өрттен қаза болған өзбектерге дұға жасалады

Оқыс жағдайға қатысты түсініктеме берген ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев өртке себеп болған екі жайтты атап көрсетті.

"Өрт шыққан кезде әуелі өткір иісті түтін тарап, жолаушылардың көпшілігіне иіс тиіп қалған. Адамдардың басым көпшілігінің қаза табуына осы себеп болған секілді. Екіншіден, есік ашылған кезде, ішке оттегі кіріп, автобустың іші лап етіп жана бастайды, сол себепті ешкім сыртқа шыға алмаған болса керек", – дейді ол. 

Сонымен бірге, оның айтуынша, автобус ішінде жүк көп болған екен. Әрі жолаушылар екі қабатты автобустың жоғарғы қабатында отырыпты. Яғни, жүк түгелдей лапылдап жанып, жойқын өрт ешкімнің сыртқа шығуына мүмкіндік бермеген көрінеді.

Бейсенбі 18 қаңтарда сағат 10.30 кезінде Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы Қалыбай ауылынан он шақырым жерде жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Автобуста 57 адам болған. Оқиға орнында 52 адам – Өзбекстан азаматтары қаза тапты.


Жаңалықтар
0