14:54 20 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
мемлекеттік қызметші

Шайымова мемлекеттік қызмет істері агенттігінде жалақы қанша екенін айтты

© Sputnik / Екатерина Штукина
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
106 0 0

Қазақстанда әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер үшін жаңа еңбекақы төлеу жүйесін енгізілді

АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова агенттік қызметкерлерінің қанша жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Қазіргі таңда бізде ең төменгі еңбекақы – 158 мың теңге, ал ең жоғары – 400 мың теңге шамасында", —деп мәлімдеді Шаимова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Биылдан бастап төрт мемлекеттік органда еңбекақыны төлеудің жаңа жүйесі пилоттық режимде іске қосылды. Сынаққа мемлекеттік қызмет істері агенттігі, әділет министрлігі, Астана және Маңғыстау облысының әкімдіктері қатысып отыр. Аталған мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне жалақы қаңтар айында жаңа жүйе бойынша төленеді. 

"Жаңа жүйе бойынша өңірлерде еңбекақы мөлшері едәуір көтеріледі деп болжанып отыр. Мәселен, облыстық деңгейде төмен лауазымдағы ең төменгі жалақы 62 мыңнан 117 мың теңгеге дейін өседі. Бұл жерде облыс әкімдігінің жетекші мамандарының деңгейі туралы айтылып отыр. Орталықта 84 мыңнан 136 мың теңгеге дейін артады. Сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін жаңа жүйені республика аумағында енгізу мерзімі туралы шешім қабылданады", — деді Шайымова.

Сондай-ақ, жаңа жүйеге сәйкес мемлекеттік қызметкерлер әр мереке сайын сыйақы алмайды. Есесіне жыл соңында 4 лауазымдық еңбекақыдан кем емес көлемде бонус төленеді.

Кілт сөздер:
мемлекеттік қызметші, жалақы, Шайымова
Загрузка...

Басты тақырып