Қоғам

"Полиэтиленнен басқа айналысатын ісің жоқ па?". Бозымбаев жауап қатты

© Sputnik / Медиабанкке өтуПолиэтилен өндірісі. Архивтегі фото
Полиэтилен өндірісі. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қанат Бозымбаев полиэтилен пакеттерден бас тартуға қатысты пікір білдірді

АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев полиэтилен пакеттерден біртіндеп бас тарту туралы ұсынысқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Сатушы сөресі. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елімізде полиэтилен пакеттер енді тегін болмайды
"Мен әлеуметтік желілерде, соның ішінде фейсбукте, энергетика министрлігінің полиэтиленнен басқа айналысатын ісі жоқ па деген сыңайдағы жазбаларын оқып тұрамын, әрине. Шын мәнісінде, бірқатар қоғамдық ұйым мен экологтар министрлікке жүгінді, біз де аталған мәселені зерделеп жатырмыз",-деді ол үкіметте өткен брифингте. 

Оның айтуынша, мұндай ұсыныс, ең алдымен қолданыстағы Экологиялық кодекске байланысты. Оған сәйкес 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап полиэтилен және басқа да бірқатар зиянды затты көмуге тыйым салынады. Сондай-ақ министр полиэтилен ұзақ жылдар бойы ыдырамайтынын, сәйкесінше қоршаған ортаға үлкен зиян тигізетінін атап өтті. Осы орайда министр қатты желде Астананың сыртына шыққан кезде, ұшып жүрген пакеттерді жиі көруге болатынын айтты. 

"Біз тыйым салу әдісін қолданғалы отырған жоқпыз. Қазір, ең алдымен, бұған балама табу үшін халықаралық тәжірибені зерттеп жатырмыз. Егер біздің халық үшін бағасы жағынан тиімді балама болып жатса, онда біз полиэтилен пакеттерін ауыстыру жолымен жүреміз. Қазір бұл пакеттерді тегін таратпау мәселесі қаралып жатыр. Мен әртүрлі өңірлерде тұрдым, сонда байқағаным – оңтүстікте тегін таратады, солтүстікте керісінше сатады. Сондықтан тым болмағанда ортақ шешімге келуіміз керек", — деді Бозымбаев. 

Ведомство басшысы бұл бағытта жұмыс жыл бойы жүргізілетінін айтты. Министр аталған мәселе қоғамдық ұйымдармен бірге ашық талқыланатынын, тек содан кейін ғана тиісті шешім қабылданатынын атап өтті.


Жаңалықтар
0