06:41 29 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD381.10
  • EUR420.81
  • RUB5.65
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
30710

Синоптиктердің болжауынша еліміздің солтүстігі мен шығысында аяз көтеріледі

АСТАНА, 23 қаңтар — Sputnik. Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның әсерінен ауа-райы жауын-шашынсыз болады, тек батыста, оңтүстікте аздаған жауын-шашын түседі. Республиканың солтүстігі мен шығысында қатты аяз болады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі, солтүстік батыста жаяу бұрқасын болады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-25 м/с күшейеді. 

Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейіп, тұман түседі. 

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түседі. 

Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды  облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты аяз, Павлодар облысының кей жерлерінде өте қатты аяз  болады деп болжануда.


Кілт сөздер:
дабылды ескерту, аяз, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып