Қоғам

Шымкентте ұлан жауынгерлері жүкті әйелді аман алып қалды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтужедел жәрдем көлігі
жедел жәрдем көлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлан жауынгерлері ес-түссіз жатқан әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетеді

АСТАНА, 23 қаңтар — Sputnik. Шымкентте Ұлттық ұлан жауынгерлері жүкті әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Құдық - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада ұландықтар құдыққа түсіп кеткен әйелді құтқарды

Оқиға 20 қаңтар күні кешкісін болды. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қызметке шыққан жетел мақсаттағы батальонның әскери жасағы ес-түссіз жатқан жүкті әйелді байқайды. 

"Құрамында сержант Кенжетай Отарбай, қатардағы Тұрар Уахит және аға сержант Хамиджан Мірғазиевтер бар әскери жасақ жаяу жүргіншілер жолында жатқан азаматшаның қасына келіп, тамыр соғысын тексереді. Көп ойланбастан Отарбай азаматшаның басының астына бронды жилетін қойып, жүрек тұсына тікелей массаж жасап, жасанды тыныс береді", — деп хабарлады ұлттық ұланның баспасөз қызметі. 

Алғашқы медициналық көмектен кейін есін жинаған жүкті әйелді тез арада жедел жәрдем Шымкенттегі облыстық ауруханаға жеткізеді. Қазіргі кезде әйел аман-есен. Ұландықтарға деген алғысы шексіз.

© Photo : Ұлттық ұланның баспасөз қызметіҰлттық ұлан жауынгерлері жүкті әйелді құтқарып қалды
Ұлттық ұлан жауынгерлері жүкті әйелді құтқарып қалды - Sputnik Қазақстан
Ұлттық ұлан жауынгерлері жүкті әйелді құтқарып қалды

Жаңалықтар
0