Қоғам

Ақтөбедегі трагедия: заңға тасымал талабын күшейтетін өзгерістер енгізілмек

© Photo : Благовещенский районный информационный центрРесейде қазақстандық хоккейшілер мінген автобус бұзылып қалды
Ресейде қазақстандық хоккейшілер мінген автобус бұзылып қалды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұрақты тасымал бойынша талаптар халықаралық стандарттарға сәйкестендіріледі

АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Ақтөбеде өртеніп кеткен автобусқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Мұндай қайғылы жағдайлар бізде де, Ресейде де болды. Мұның бірнеше себебі бар, ең біріншісі, автобустар көп жылдан бері пайдаланылып келе жатыр. Екіншіден, адами фактор да бар. Қазір біз ІІМ органдарымен бірлесіп рейдтік тексерістер жүргізіп жатырмыз. Осы тексеріс қорытындысы бойынша барлық халықаралық тасымалға қойылатын талаптарды күшейткіміз келеді. Бұл үшін заңнамалық деңгейде жүйелі жұмыс қажет", — деді министр. 

Автобус, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақтөбе облысында автобус өртеніп кетті: 52 адам ажал құшқан
Қасымбек Ақтөбеде 52 адам тірідей өртеніп кеткен автобус алыс жолға тұрақты түрде шығып тұрмағанын атап өтті. 

"Тергеу бәрін көрсетеді. Алайда, менің ойымша, ішкі істер министрлігінің қорытындысы бойынша біз заңнамаға тұрақты емес тасымалға талаптарды күшейту бойынша өзгерістер мен ұсыныстар енгізуіміз қажет. Жүргізушілерге де талаптар күшеюі тиіс: медициналық тексеріс, автобустардың техникалық тексерісі және тағы басқа. Әрине, мұның дені жол полициясымен, ІІМ-мен байланысты мәселелер. Бірақ біз де өз ұсыныстарымызды береміз. Естеріңізде болса, ІІМ тасымалдау ережесін қатаңдату бойынша өз ұсыныстарын енгізген кезде, оны қабылдау алғашында қиынға соқты. Десек те бұл жол апатының азаюына ықпалын тигізді. Біздің де көздеп отырған мақсатымыз сол", — деді Қасымбек. 

Ведомство басшысы тұрақты тасымал бойынша талаптар халықаралық  стандарттарға сәйкестендірілетінін атап өтті.

Еске сала кетейік, 18 қаңтар күні сағат 10.30 кезінде Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы Қалыбай ауылынан он шақырым жерде жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Автобуста 57 адам болған. Оқиға орнында 52 адам –  Өзбекстан азаматтары қаза тапты.  


Жаңалықтар
0