00:49 21 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Ақорда

Лукин Ақорданың қақпасына соғылған полицейлерге қатысты түсініктеме берді

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
169 0 0

Porsche Cayenne көлігінде отырған екі полицей Астанада президент резиденциясының қақпасына соғылған еді

АСТАНА, 24 қаңтар — Sputnik. Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин Ақорданың қақпасының алдында болған жол апатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Желіде Ақорда қақпасына соғылған Porsche Cayenne суреті пайда болды
© Photo : распространяемое в соцсетях и мессенджерах
"Жол апатын жасаған қызметкерлер ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды. Әкімшілік өндіріс мәселесі ішкі істер органдарының құзырына жатады және оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту шешімі шығарылады. Оларды әкімшілік жауапқа тартуды сот қарайды", — деді Лукин журналистерге. 

"Жол апаты кезінде жүргізуші мас болды ма?" деген сұраққа бас прокурордың орынбасары:

"Мұны сот шешеді, сараптама жасалауы тиіс. Жол апаты қасақана жасалған жоқ, көктайғақ болды", — деп жауап берді.  

Естеріңізге сала кетсек, Porsche Cayenne көлігінде отырған екі полицей Астанада президент резиденциясының қақпасына соғылған болатын. Қалалық полиция жүргізуші көктайғақта рөлге ие бола алмай, қақпаға шамалы зиян келтірді деп түсіндірді. Жол апатына кінәлі қызметкер мен оның басшысы ішкі істер органдарындағы қызметінен шығарылды.

Кілт сөздер:
Ақорданың қақпасы, Лукин
Загрузка...

Басты тақырып