Қоғам

Таксилер Астана тұрғындарын тегін тасымалдайтын болды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуТакси
Такси - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Astana Taxi ұсынған "Қайырымды сапар" акциясы екі күнге созылмақ

АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. "Astana Taxi" бірегей қызметі "Қайырымды сапар" әлеуметтік акциясын бастады және жолаушыларды тегін тасымалдау үшін 11 автокөлік ұсынбақ, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

Аяз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Шымкентке алып кет: аяз туралы әзілдердің жаңа топтамасы

Жолаушыларға таксомотор компаниясының есебінен қызмет көрсетіледі.

"Акция елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған. Жүргізушілер қаланы аралап, тоқтап, тегін жеткізіп тастауды өздері ұсынады. Акция барысында баласы бар жолаушылар мен жасы үлкен адамдарға басымдық беріледі", — делінген "Astana Taxi" баспасөз қызметінің хабарламасында.

Акция 24-25 қаңтар аралығында сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін жалғасады. Іс-шараға алты таксомотор компаниясы қатысады.

Жаңалықтар
0