11:27 06 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD385.76
  • EUR427.89
  • RUB6.04
Porsche Cayenne Ақорда қақпасына соғылған

Ақорда алдындағы көлік апаты: кінәлі полицей жазаланды

© Photo : распространяемое в соцсетях и мессенджерах
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
40 0 0

Сараптама нәтижесі көрсеткендей, Ақорда қақпасына соғылған полицей мас күйінде көлік айдаған

АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Ақорда қақпасына соғылған полицей жүргізуші куәлігінен айырылып, ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды.

Өткен аптада полиция аға лейтенанты Иманбеков Porsche Cayenne көлігімен Ақорда қақпасына соғылған еді. Қалалық полиция түсіндіргендей, жүргізуші көктайғақта рөлге ие бола алмай, көлік апатына ұшырапты. Айыпты полицей мен оның тікелей басшысы ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылған.

Іс Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралды. Сот қаулысына сүйенсек, Астана қаласының 26 жастағы тұрғыны Ербол Иманбеков 17 қаңтарда таңғы 03.14 кезінде Porsche көлігімен Ақорда өткізу-бақылау бекетінің қақпасына соғылған. Салдарынан көлік пен қақпа бүлініпті.

"Әкімшілік істі қарау барысында анықталғандай, Иманбеков көлікті мас күйінде жүргізген. Ол ӘҚБК 608-бабы 3-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасады", — делінген сот қаулысында.

Иманбек сотта кінәсін мойындап, өкінетінін білдірді.

Сот ер адамды әкімшілік жауапкершілікке тартып, бес жылға жүргізуші куәлігінен айырды.

Кілт сөздер:
полицей, Porsche Cayenne, Ақорда
Загрузка...

Басты тақырып