Қоғам

Елбасы Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен кездесті

© АкордаЕлбасы Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен кездесті
Елбасы Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен кездесті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев митрополит Александрдың Қазақстандағы қызметіне жоғары баға беріп, дін саласындағы мемлекеттік саясат мәселелеріне тоқталды

АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Кролмен кездесті - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы АҚШ елшісімен кездесті

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев митрополит Александрдың Қазақстандағы қызметіне жоғары баға беріп, дін саласындағы мемлекеттік саясат мәселелеріне тоқталды.

"Сіздің Қазақстанда атқарып жатқан қызметіңізді жоғары бағалаймыз. Сіз бейбітшілік пен конфессияаралық келісім саясатын жүргізіп отырсыз. Біздің еліміз – зайырлы мемлекет. Барлық діни конфессиялардың теңдігі мен дін ұстану бостандығы Конституцияда және өзге де заңдарда бекітілген. Біз діни қызмет туралы заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде бастама жасадық. Сіз оған белсенді түрде атсалыстыңыз. Атқарған жұмысыңыз үшін Сізге ризашылық білдіреміз", – деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Астана және Қазақстан митрополитін өткен Рождество мерекесімен құттықтады.

Митрополит Александр Нұрсұлтан Назарбаевқа қабылдағаны үшін алғыс айтып, Қазақстан Президентінің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласының рухани-адамгершілік тәрбие беру ісіндегі маңыздылығын атап өтті.

"Сіздің тұлғаны рухани-адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу жөніндегі стратегияңыз Қазақстанды одан әрі дамытудың негіз қалаушы құжаты болып саналады. "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақала қоғамымыздың әрі қарай өркендеуіне қажетті дүниелерге жол ашады", – деді Астана және Қазақстан митрополиті.

Жаңалықтар
0