Қоғам

Астанада жұма күні де сабақ болмайды

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуМектеп оқушысы, архивтегі фото
Мектеп оқушысы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордада сабақтың болмауы каникул күндеріне әсер етпейді

АСТАНА, 25 қаңтар — Sputnik. Астанада жұма, 26 қаңтарда мектеп оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайды, деп хабарлайды Астана қалалық білім басқармасы.

"26 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші және екінші ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайды", — деп жазылған хабарламада. 

Оқушылар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Аязға байланысты сабақтың болмауы оқушылардың каникулына әсер етпейді
Айта кетейік, ауа райының қолайсыздығына байланысты сабақтың болмауы каникул күндеріне әсер етпейді – каникул бекітілген мерзімде беріледі. 

 Бағдарламадан қалмас үшін мектептерде арнайы шара ұйымдастырылған.

"Оқу бағдарламасын толығымен орындау мәселесі білім беру басқармасының бақылауында. Қаланың ауа райын ескерсек, мұндай жағдай жыл сайын қайталанып тұрады, біз оған дайынбыз", — дейді басқарма мамандары. 


Жаңалықтар
0