19:33 20 Қазан 2018
Тікелей эфир
  • USD366.43
  • EUR420.11
  • RUB5.58
Жоғарғы сот

Жоғарғы сот төрағасы: біз ешқандай реформа ұсынбаймыз

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
47 0 0

Астанада сот төрелігін жүзеге асырудың 2017 жылғы қорытындысына арналған кеңейтілген кеңес өтіп жатыр

АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Таяуда ғана ҚР Жоғарғы сотының төрағасы болып тағайындалған Жақып Асанов президент Нұрсұлтан Назарбаев оның алдына қандай міндеттер қойғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Елбасы мені осы қызметке ұсына отырып, алдыма басты міндет қойды – адамдардың сотқа деген сенімін арттыру. Заңның үстемдігі азаматтар соттың әділ шешімін алған кезде ғана қамтамасыз етіледі, олардың құқықтары толығымен қорғалады. Ал қазір бұл жөнінде айту әлі ерте. Бұл менің сөздерім емес, мұны мемлекет басшысы өткен жылдың жазында айтқан болатын", — деді Асанов. 

Жоғарғы сот төрағасы бүгінгі баяндамасының судьялар мен адвокаттардың ұсыныстарынан тұратынын, солардың пікірін жеткізетінін атап өтті.

"Әріптестер, менің сіздерге айтарым бар. Менің баяндамамда судьялар мен адвокаттардың ұсыныстары топтастырылған. Былайша айтқанда, менің баяндамам өзекті тақырыптар бойынша түскен идеялардың ықшам түйіні. Бұл тек судьялар мен адвокттардың пікірі екенін ескерсеңіздер болды. Мен тек солардың ұсыныстарын жеткіземін", — деді ол. 

"Басшылыққа таяуда келгендіктен, сот жүйесінің қандай да бір кемшін тұстары туралы айту жөн болмас. Оның үстіне түбегейлі өзгерістерді жария ету. Бірақ мен бір нәрсені атап өткім келеді, біз ешқандай реформа ұсынбаймыз. Судьялардың жетінші сьезінде президент берген нақты тапсырмалар бар. Осы бойынша жұмысымызды жалғастырамыз", — деді Асанов.

Кілт сөздер:
реформа, сот жүйесі, Жоғарғы сот, Жақып Асанов
Загрузка...

Басты тақырыптар