10:52 24 Маусым 2018
Тікелей эфир
  • USD340.27
  • EUR396.31
  • RUB5.39
Жақып Асанов

Асанов судьяларға: мақтау қағазын алу үшін істеп жүрсіздер ме?

© Foto : Генеральная прокуратура Казахстана
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
388 0 0

Жоғарғы сот төрағасы статистикада жалған деректер көп дейді

АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов дауды сотсыз шешетін институттарды дамыту қажеттігін мәлімдеді. Бұл туралы ол Астанада өткен сот төрелігін жүзеге асырудың 2017 жылғы қорытындысына арналған кеңейтілген кеңесте айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Асанов статистикада өтірік цифр көп екенін айтып, судьяларды сынға алды. 

"Әрине, даулар кез келген қоғамда бар. Бірақ олардың барлығын сотта шешу мүмкін емес. Сот екі жақты бірдей қанағаттандыра алмайды. Ең тиімді жол – дауды сотсыз шешетін институттарды дамыту. 2017 жылы бітіммен аяқталған даулардың үлесі – 4 пайыз. Шындығын айтсам, бұл цифрға мен сенбеймін. Өйткені, кеше ғана маған айтты, оның ішінде өтірік көп. Не үшін істеп жүрсіздер сонда? Мына жерде мақтау қағазын алу үшін бе? Сонда халықтың пікірі сіздерге маңызды емес қой? Статистикада жалғандық көп", — дейді Асанов. 

Төраға сотта істердің дені бітіммен, тараптардың ортақ мәмілеге келуімен аяқталатын әлем елдерін мысалға келтірді.

"Тараптарды бітімге келтіру біз үшін жаңалық емес. Билер сотының түпкі мақсаты екіжақты татуластыру, табыстыру болған. "Дау мұраты – біту" деген нақыл сөз осыдан қалған. Екінші жағынан, бұл әлемдік тренд. Дамыған елдерде тартысты шешетін балама институттар көп. АҚШ-та, дамыған елдерде даудың көбісі соттан тыс жерде шешіледі. Қытайда тартыстардың 30 пайызы, Словенияда 40 пайызы сотта бітіммен аяқталады. Олардағы соттың мақсаты не екенін көрдіңіздер ме, олар неге ұмтылады. Ал біз мүмкіндігінше біреуі жеңсін, екіншісі жеңілсін дегенге ұмтыламыз. Біде дауды тек сот шешеді деген көзқарас қатып қалған. Кейде басында ашуға беріліп, сотқа жүгініп, кейін басылып, "қатты кеткен жоқпын ба, алдыма келсе, басқа шешу жолын іздер едім ғой" деп өкініп жатамыз. Соттар осындай бейбіт жолды көрсететін, ұрыс-керіссіз, бірін-бірі тыңдайтын, бір мәмілеге келуіне жағдай жасайтын алтын көпір болуы тиіс. Сот, әкімдер, ассамблеялар, партиялар болып осыны қолға алсақ", — деді Асанов.

Кілт сөздер:
сот жүйесі, судьялар, кеңейтілген жиын, Жоғарғы сот, Жақып Асанов

Басты тақырыптар