Қоғам

Тоқтар Төлешовтен тәркіленген таза қанды сәйгүліктердің тағдыры не болды?

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуАтқорадағы жылқылар, архивтегі фото
Атқорадағы жылқылар, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сотталған кәсіпкердің сәйгүліктері конкурды меңгеріп жатыр

АСТАНА, 27 қаңтар — Sputnik. Бизнесмен Тоқтар Төлешовке тиесілі сәйгүліктер спорт жарыстарына дайындалып жатыр, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Тоқтар Төлешов - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Тоқтар Төлешовтің мүлкі Шымкент әкімдігіне өткізілді
Тәркіленген тұлпарларды Оңтүстік Қазақстан облыстық ұлттық спорт түрлері бойынша мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырып жатыр. 

Экстремизм мен басқа да қылмыстар үшін жазасын өтеп жатқан Төлешовтің төрт сәйгүлігі конкурды меңгеруде. Бапкерлер Эластик есімді ағылшын-тракенен тұқымды тұлпарға үміт артып отыр. Бұл жылқы Азия біріншілігінде жеңіске жеткен, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атағына ие. 

Ал аяғы сынған Разброд таза қанды ағылшын сәйгүлігін Шымкент зообағының қызметкерлері сойып алыпты. Малдың еті хайуанаттар бағы қызметкерлеріне сатылды. Еттің бір келісі мың теңгеден төмен бағаға өткізілген. 

Бұған дейін зообақта Тоқтар Төлешовке тиесілі аю өліп қалған болатын. 

Тоқтар Төлешовтың соты - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Шымкенттік бизнесмен Тоқтар Төлешов 21 жылға бас бостандығынан айырылды
2016 жылдың қарашасында сот үкімімен Шымкент сыра қайнату зауытының қожайыны Тоқтар Төлешов қатаң режимді колонияда жазасын өтеумен 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Төлешов кісі өлтіру, ұрлау, адамдарды заңсыз бас бостандығынан айыру; трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру және басқару; қылмыстық ұйымды басқару; сондай-ақ экстремистік топ құрып, оған жетекшілік ету қылмысы бойынша айыпты деп танылған еді. 

"Сыра королінің" тәркіленген мүлкінің ішінде 8 жер телімі мен 4 коттедж Шымкент әкімдігінің меншігіне өтті. Екі коттедж өнер мектептерін ашу үшін білім бөліміне тапсырылды.

Жаңалықтар
0