Қоғам

Астанада аязда балабақшаға бармағандардан анықтама талап етілгені рас па?

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуБалабақшадағы балалар түскі ас ішіп отыр, архивтегі фото
Балабақшадағы балалар түскі ас ішіп отыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Санитарлық дәрігерлер аяз кезінде балбақшаға бармағандардан анықтама талап етпегенін мәлімдеді

АСТАНА, 29 қаңтар — Sputnik. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің елордалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті аязда бала бақшаға бармаған балалар анықтама әкелуі тиіс деген ақпаратты жоққа шығарды.  

Школьник идет по заснеженной улице, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада мектеп оқушысы боранда жоғалып кетті
Астанада бір апта бойы қатты аяз болып, мектептер мен колледждерде сабақ тоқтатылды, балалар балабақшаға толық барған жоқ.  

"СЭС-тен қоңырау шалып, 2 күн және одан да көп қалған балаларды анықтамасыз қабылдамаңдар деді", — деп жазылған Whats App мессенджері таралған хабарламада.  

Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Sputnik Қазақстанға хабарлағандай, ведомство балабақшалардағы анықтамаға қатысты ешқандай бұйрық бермеген.   

"Ондай тапсырма болған жоқ, болуы да мүмкін емес. Біздің қызмет балабақшалардың ішкі тәртібіне араласпайды", — деп түсіндірді департаменттегілер.  

Жексенбі күні Қазақстанның солтүстік облыстарында аяздың беті қайтты, ендің еліміздің оңтүстік және батысында температура қатты төмендеп жатыр.  

 


Жаңалықтар
0