Қоғам

Елімізде қаңтардың соңғы күнінде ауа райы қандай болады?

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуҚыс мезгілі, архивтегі сурет
Қыс мезгілі, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы және Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қатты аяз болады

АСТАНА, 31 қаңтар — Sputnik. Бүгін елімізде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп,  оңтүстігінде жел күшейеді, батысында жаяу бұрқасын  болады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Алматы облысында Жалаңашкөл аумағында жел 24-29 м/с-ке күшейеді, түнде кей жерлерде тұман түседі. 

Аязды күні серуендеп жүрген баланың архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Вице-министр: синоптиктер қыс қатты суық болады деп болжам жасап отыр
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20, екпіні 23 м/с-ке күшейеді. 

Оңтүстік Қазақстан облысының кейрлерінде жел 15-20 м/с-ке күшейуі мүмкін. 

Қызылорда, Маңғыстау, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. 

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. 

Алматы және Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қатты аяз болады. 

 

Жаңалықтар
0