АСТАНА, 1 ақпан — Sputnik. Астана қаласы Әділет департаментінің мамандары Луй Пастер көшесіндегі заңсыз салынған жеке құрылыс нысандарын күштеп бұзуға кірісті. Бұған дейін бірнеше мәрте жіберілген ескертуге және ғимаратты бұзу туралы шығарылған сот шешіміне қарамастан жер иесі өз еркімен бұзуға асықпаған. Құзырлы мекеме қызметкерлері келгенде тағы екі-үш күнге рұқсат беруін сұрады, деп хабарлайды Елорда инфо.
Астана қаласы Әділет департаментінің мамандары Луй Пастер көшесіндегі заңсыз салынған құрылыс нысандарын күштеп бұзуға кірісті. Бұған дейін бірнеше мәрте жіберілген ескертуге қарамастан жер иесі өз еркімен бұзуға асықпаған көрінеді. Құзырлы органдарының қызметкерлері келгенде олар тағы екі-үш күнге рұқсат беруін сұрады.
"Айыппұл төленгеннен кейін жылдың соңына дейін сот шешімін орындауы тиіс еді. Соңғы рет "Арнат" ЖШС басшысы өзі түсініктеме жазып, желтоқсан айының соңына дейін құрылысты бұзатынын айтқан. Алайда өздеріңіз көріп тұрғандай, тағы 2-3 күн сұрап отыр. Сондықтан біз күштеп орындауға келдік" дейді Әділет департаментінің бөлім жетекшісі Ердәулет Болысбек.
Біз заңсыз құрылыс нысанын салған "Арнат" ЖШС иесі Әлия Ермекбаевамен де әңгімелескен едік. Айтуынша, ол аумағы 90 сотық болатын жерді осыдан 11 жыл бұрын 130 миллионға сатып алған екен. Жер өзінікі болған соң, шағын кафе мен спортзал тұрғызған. Құрылыстың 95 пайызы аяқталуға жақын қалған тұста, сот сүріп тастау туралы шешім қабылдаған.
Дегенмен, заң баршаға ортақ. Осылайша, Әлия Ермекбаева жылдап тұрғызған құрылыс нысанын өз қолымен қайта бұзуға кірісті.