00:28 15 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.49
  • EUR427.26
  • RUB6.06
Фируза Шәріпова

Фируза Шәріпова өз портретін мың долларға сатып алды

© Sputnik / Айгюзель Кадир
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
85 0 0

Атақты қазақстандық суретші "Халықтың сүйіктісі" жүлдесі иегерлерінің порттертін жасады

АСТАНА, 4 ақпан — Sputnik. Қазақстандық спортшы Фируза Шәріпова аукционда өз портретін мың долларға сатып алды. 

Елордалық суретші Валерий Крестниковтың картиналары дәстүр бойынша "Халықтың сүйіктісі" жүлдесін марапаттау салтанаты өткеннен кейін сатуға қойылды.  

Картиналарды сатудан түскен қаржының бір бөлігі онкологиялық ауруға шалдыққан қыздарды емдеуге берілмек.  

"Картинаны не істейтінімді әзірге білмеймін. Оны картина ретінде емес, балаға көмектесу үшін сатып алдым. Әрине, ол өте әдемі және жанға жағымды. Алайда адамның денсаулығы бәрінен маңызды",- деді Шәріпова.

Аукционда сондай-ақ әнші Данэлия Төлешованың портреті сатылды. Оны тележүргізуші Динара Сәтжан сатып алды.  

Данэлия Төлешованың портреті
© Sputnik / Айгюзель Кадир
Данэлия Төлешованың портреті

Шәріпова мен Төлешоваға бұдан бұрын "Халықтың сүйіктісі" ұлттық жүлдесінің "Жыл спортшысы" және "Жыл құрметтісі" номинациялары тапсырылған болатын. 


Загрузка...

Басты тақырып