Қоғам

Кет дегенге кете салатын мал емеспіз – "Абу-Даби Плаза" жұмысшылары

© Sputnik / Болат ШайхиновАстанадағы Абу-Даби Плаза
Астанадағы Абу-Даби Плаза - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада атышулы Абу Дабидің құрылысшылары наразылыққа шықты

АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik.  Астанадағы "Абу-Даби Плаза" кешенінің құрылысына қатысты тағы дау шықты. Бұл жолы Елордадағы ең биік ғимаратты салып жатқан 400-ге жуық  адам бір күнде  жұмыссыз қалды, деп хабарлайды КТК

Құрылыс компаниялары алдын ала ескерту жасамаған. Және өтемақы төлемейтіндерін ашық айтқан көрінеді. Алайда, жұмысшылар "кет" дегенге кете салайын деп отырған жоқ. Бір-бір үйді асырап жүрген азаматтар Еңбек кодексі бойынша өз құқықтарын талап етуге кірісті. 

Астанадағы Әбу-Даби Плаза өртенді, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
"Абу-Даби Плазадан" тағы да өрт шықты
Мынау аяқ асты жұмыссыз қалған төрт жүзге жуық құрылысшының бір тобы ғана. Жігіттердің қалғаны бөлініп, прокуратура, полиция мен партия жағалап, көмек сұрап жүр. Абу Дабидің іргетасынан бастап қабырғасын қалаған азаматтар қай жерде жаза басқандарын да білмейді. 

"Мен сенбі түнгі "сменге" түскенмін, жексенбі таңда шығамын. Бейджик істемей қалды. Ешқандай ескерту болған жоқ. Мал сияқты келді де, жұмыстан шығарып тастап жатыр. Біз сонда қайда барамыз,  мысалы қақаған суық күнде? Менің бала-шағам бар, кредитім бар. Екі мың шақырымнан келіп отырмын", — дейді жұмысшы Мақсат Ахмет. 

Яғни, жұмысшыларға құрылыс компаниялары еш ескерту жасамаған. Басшылары өз еріктеріңмен орындарыңды босатыңдар деп қысқа қайырыпты.  Көнбегенді, Еңбек кодексімен қудалаймыз деп қорқытатын көрінеді.

" Ештеңе бермейміз, сендерді 49- баппен жұмыстан шығарамыз,  жұмыс бітті  дейді. Жұмыс біткен жоқ, барып көріңіздер. Абу-Даби сол күйінде тұр, 40-50 пайыз бітсе, біткен шығар. Онда  шетелдіктер тып-тыныш жұмыс істеп жатыр", — дейді жұмысшы Мұхтар Қалдыбек.

Абу-Дабиге кіндігі байланып қалған ешкім жоқ. Жұмысшылар тек  заң бойынша өздеріне тиесілі өтемақаны талап етіп отыр. Ал әркімнің жалақысы еткен еңбегіне қарай әртүрлі. 200 мың теңгеден бастап 300 мыңға дейін жетеді екен.

 

Жұмысшылар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Абу-Даби Плазаның" жұмысшылары қанша алады?
"Компания банкрот болған жағдайда 1 айлық төлейді, егер компания жұмысты тоқтатып, объект біткен жағдайда 2 айлық төленеді дейді. Алдында үш ай болған, 2015 жылы кодекске өзгеріс енгізілген", — деп түсіндірді жұмысшылардың бірі Мұхтар Қалдыбек.

Бұл азаматтарды отандық төрт құрылыс компаниясы жұмысқа алған. Демек, Еңбек туралы кодекстің талаптарын бұзып отырған да жергілікті мекемелер. Онда жұмысшылардың жанайқайына құлап асатын ешкім болмаған соң, құрылысшылар "Нұр Отаннан" араша түсуді сұрап келді. 

"Біз құрылыс компанияларының өкілдерін шақырып, әкімдіктегі әріптестерімізбен бірге сөйлесеміз. Егер сіздер айтқандай,  шынында да қаншама адамды  жұмыстан негізсіз шығарса, мәселені шешеуге көмектесеміз", — деп жауап берді "Нұр Отан" партиясы Астана қаласы бойынша филиалы төрағасының орынбасары Владислав Сергеев.

 Астанадағы Абу Дабиді жергілікті жұмысшылармен қатар шетелдік құрылысшылар да салып жатыр. Бірақ, жаппай жұмыстан қуу туралы тосын бұйрық тек ел азаматтарына қатысты. Далада қалған жұмысшылар болса, құрылыс компаниялары тиісті өтемақыны төлегенше  тыным таппаймыз деп отыр.


Жаңалықтар
0