Қоғам

Баян Алагөзова: Мөлдіржан, мүмкін қалай болғанын көзіме қарап айтарсың?

© Sputnik / Ксения ВоронинаБаян Мақсатқызы
Баян Мақсатқызы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Продюсер әнші Мөлдір Әуелбекованың сұхбатында айтқан сөзі шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді

АСТАНА, 9 ақпан — Sputnik. Баян Алагөзова тағы да жұрттың назарын өзіне аударды. Ол бұл жолы продюсер әнші Мөлдір Әуелбекованы БАҚ-қа бірге сұхбат беруге шақырды.  

Баян Алагөзова - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Баян Алагөзова "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" сериалын сынға алған Меруерт Түсіпбаеваға жауап берді
"Мөлдіржан, қызым-ау, мұны қалжыңсыз айттың ба? Керемет қиялшыл екенсің ғой, дарындым менің. Сөзсіз ақылдысың. Әсіресе өзіңнің талаптарың мен мен қайта оралғаның жайлы жақсы айтқан екенсің. Осылай да "әдемі ән салуға" болады екен-ау, мүмкін бірге сұхбат берерміз? Шын мәнінде қалай болғанын көзіме тіке қарап айтып берерсің? Мөлдіржан, сол дұрыс, өзім ұйымдастырамын, қай БАҚ-пен келісейін? Уәде беремін, бәрі ойдағыдай болады. Сонда да мына БАҚ асыра сілтеп жіберіп, жарияланған сандырақтың бәрі өтірік болып шығады деп үміттенемін", – деп жазды Баян Алагөзова Instagram-дағы парақшасына. 

Айта кетейік, Мөлдір Әуелбекова отандық сайттардың біріне берген сұхбатында Баян Мақсатқызы "Кешью" тобының қыздарын ашық-шашық киінуге мәжбүрлегенін мәлімдеп, өзі құрған "Nazar" тобында сол қателіктерді қайталамауға тырысатынын айтқан. Оның сөзіне қарағанда, "Кешью" құрылғанда Баян мен Бағым қыздарды ашық киіндіру арқылы ауқымды аудитория жинағысы келген. 

"Маған ашық-шашық киінген ұнамайтын. Сол үшін мен 2 жылдан кейін "Кешью" тобынан кеткен болатынмын. Кейін қайтадан сөйлескеннен кейін Баян мен Бағымға айттым: "Осылай-осылай, мен сіздердің киімдеріңізді кимеймін, қарсымын" – деп. Содан кейін менің талабым орындалып, ән айту бағытын да өзгерттік. Мысалы, "Сүгірдің термесі" сияқты әндерді айттық", – деген Әуелбекова.   


Жаңалықтар
0