09:00 20 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD376.51
  • EUR418.91
  • RUB6.13
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
17 0 0

Қаңтарда қатты аяз болғандықтан коммуналдық қызмет үшін төлем өзгереді

АСТАНА, 9 ақпан — Sputnik. "Астанаэнергосервис" кәсіпорны Астана тұрғындарын ақпанда жылу үшін келетін есепшотта төлем сомасының көбірек болатынын ескертті.  

Кәсіпорынның баспасөз қызметі хабарлағандай, 22-26 қаңтар аралығында қатты аяз болып, ауа температурасы минус 40 градусқа дейін түсті. Осыған байланысты энергетиктер тәулік бойы күшейтілген режимге жұмыс істеді.

"Осы күндері жылу электр орталықтары мен аудандық қазандықтар үлкен жүктемемен жұмыс істеді. Көп пәтерлі үйлерге берілген жылу айтарлықтай күшейтілді. "Қазгидрометтің" хабарлауы бойынша қаңтар айында орташа температура минус 19,1 градусқа жетті. Осыған байланысты жылу энергиясын тұтыну артты. Тиісінше коммуналдық қызмет үшін төлем өзгереді", — деп жазылған хабарламада. 

Айта кетсек, жылу тарифі әрбір пәтер үшін жеке есептеледі. Ай сайынғы төлем үйдегі ортақ жылу есептеу құрылғысының көрсеткіштеріне сәйкес жасақталады. 


Кілт сөздер:
аяз, төлем, коммуналдық қызмет, жылу, Астана
Загрузка...

Басты тақырып