Қоғам

Жаназада "ел күліп кетеді" деп қайғыра да алмайтын уақыт туды

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуТорт, архивтегі фото
Торт, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінгі жаназа жарлының жалғыз атын сойғызып жатыр

АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Соңғы уақытта имамдар кісі қайтыс болған кездегі қонақасы, жетілігі, қырқы, асындағы ысырапшылдықтан арылуға шақыра бастады. Ақтөбе имамдары тәубеге келу жөнінде бастама көтерген болатын. Артынша СҚО имамдары да соған үндеді. Енді Жамбыл, ОҚО, Қызылорда облыстарының имамдары қосылып отыр, деп хабарлады astanatv.kz.

Тойды қойшы, білгенін істесін. Ең жаманы – жақынынан айырылған адамдар қайғыра да алмайтын уақыт туды – "ел күліп кетеді" деп, дастарқан мен шапан-тақияға қайдан ақша табарын білмей, зыр жүгіріп жүргені…

Жыртысқа 50 мың теңге кетеді 

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты дөңгелек үстел - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жаназа мен құдай тамақтағы ысырапшылдыққа қарсы шара қолданылмақ
Бүгінде бақилық болған адамды соңғы сапарға шығарып салу үшін соңғы тиынын санап қалып жатқандар көп. Яғни, қазақ-қазан ет асып, қатар-қатар дастарқан жаю дәстүрімізге дендеп енді. Көпшілік көңіл айтуға емес, көз сүріндірер дастарқаннан дәм тату үшін бара ма? Топырақты өлімді торқалы той ету кімге керек? 

Қара жамылып, қайғырған отбасы. Олар өздерін жұбата ма, әлде өзгенің ас ішіп, аяқ босатуына алаңдай ма? Ырысыңды ысырып қылудың түрлі тәсілі көп. Шапан іздеп, шауып жүрер. Оны жаназаның жыртысы ғой деп қоямыз. 

"Қарапайым адамдар 200 данадан бет орамал  алады. Жыртыс ретінде таратады. Үлкен қарияға 30, 40, 50 мың теңге. Жыртысымен, қыжымымен, орайтын кебінімен қосқанда. Шомылдыратын кісілер калош, мәсі алады", — дейді сатушы Райхан Бегалиева.

Шапандар 1500 теңгеден басталып, 10 мыңнан 15 мыңға дейін барады. 

Мата сатуды мықтап меңгерген Райхан жамбылдықтар шүберекті жыртыс үшін көп алатынын айтады. Тіпті, жақынымның жаназасына деп жарты миллион теңгесін тастап кететіндер де бар көрінеді. 

"Жоғары жақта істейтіндер 500 мың теңгеге дейін алып жатады. Мынадан өзіңіз ойлаңыз, 5-6 руллонын алады. Әр руллонды 30 мыңнан есептей беріңіз", — деп толықтырды  Райхан Бегалиева 

Оңтүстікте құдайы астың ортақ мәзірі бекітілді - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Оңтүстікте құдайы астың ортақ мәзірі бекітілді
Жамбыл облыстық статистика басқармасының мәліметінше, былтыр аймақта 1 жыл ішінде 7 298 адам қайтыс болған. 2016 жылы 7340 адам көз жұмған. Әрине, ажал айтып келмейді. "Өлім бардың малын шашады, жоқтың артын ашады". Тараздық Ұлысбай қария кісі қайтқан үйге көп шақырылатын қажы. Ол жаназа шығаруға барғанда ысыраптың түр-түрін көргем дейді. 

"Анау осындай үлкен бір жылқы сойып, осындай-осындай жыртыстар беріп еді. Одан кейін осындай хадиялар берді деп, соны өсиет қып қалдыратындар бар", — дейді Тараз қаласының тұрғыны Ұлысбай Тұрғынбаев.

Садақаның дастарқанынан салып әкететіндер де бар

Орал қаласының тұрғыны Құсайын қарияның жуырда ғана бір әкеден бірге туған қарындасы қайтыс болды. Ауқатты адам болса да, "ас та, төк" дастарқан жаюды жөн көрмепті. Өйткені, өлім – барыңды шашып, байлығыңды көрсететін бәсеке емес. 

"Қазаға 400-500 адам жиналады. Бұрын бір ірі қара мал соятын еді. Қазір ол жетпейді. Бір ірі қара мал 300 мың теңге. Жылқы болса, одан да қымбат", — дейді кәсіпкер Құсайын қажы Бақтиярұлы.

Тараздық Жандос әкесінің жылдық асын беріп жатыр. Адам басына 4 мың теңгеден келетін орташа мейрамхананы таңдап алыпты. Дастарқаны анау айтқандай "ас та, төк" емес. 

"Сол әкеме ас беріп жатырмын. 50 адамды шақырдым. Қаржылай келгенде 50 адамға орта есеппен 200-300 мың теңгедей кетеді", — дейді Жандос Сәдуақасов.

Біреудің өлімі — біреуге пайда. "Арты қайырлы болсын" айта барып, ауқат аңдып жүретіндерді қайтесіз? Садақаның дастарқанын сыбағасы секілді сап әкететіндерді айтам. Майдалыққа салынған мал тапқыштар бар. 

"Кейінгі кезде көріп жүрміз. Сол дастарқан басынан дорба-дорба пакет алып, үйіне алып кету деген сияқты көріністер толып жатыр. Соны ойлағанда жағаңды ұстайсың. Апырау, бұл той емес", — дейді СҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов.

Бүгінгі жаназа банкетке айналып кетті

Намаз оқып отырған ер адам - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Еліміздің барлық өңірінде діни рәсімдер біркелкі өткізілетін болады
Дінімізде "арам нәресе емес, адал нәрсенің өзін артығымен пайдалану "ысырап" делінген. 

Қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова да осы ойды ұстанады. Әйгілі әншіні бақи болған адамның жаназасы банкетке айнала кететіні қынжылтады. 

"Тойға дастарқанды қалай жаяды, дәл сондай қып, асқа да солай жаяды. Біздің кезімізде бауырсақ пісіреді, шелпек пісіреді, май қояды, нан қояды. Ал, мына жерде тура банкет сияқты. Қызыл икрадан, қара икрадан бастап… Керегі жоқ қой. Келіп, әруақты еске алып, құран оқып, нан ауыз тиіңдер", — дейді Бибігүл Төлегенова. 

  Ақша шашудың артында атақ тұр, абырой жатыр. Ал, сонда шамасы жоқтар өрттей қаулайтын өсекке қалуы керек пе? Жұрттың әңгімесі жұпыны дастарқан, жұтым ас жайлы болады. Табақ ет таратпады деп пыш-пыштайды. Міне, қоғамымыз осыдан қорқатындай. Демек, халық ішінде қалыптасқан фальш осы, фобия да осы. Жамбыл облысының имамдары қазаға байланысты қанға сіңген дарақылықты доғару керек дейді. Тыраштануды тыю тақырыбында Жамбылдағы барлық аудан имамдарының бас қосуы осыған дәлел. 

Жаназа дастарқанын жасаудан жарыс болып жатқандай әсер қалдырады. Бұл тақырыпта көрпеңе қарай көсіл десең… ол да болмайды. Өйткені байлықты көрсетуде бәйге болып кетері анық. Бүгінгі жаназа жарлының жалғыз атын сойғызып жатыр. Бірақ кедейшілік есіктен кіргенде иман терезеден қашпауы керек. Қалай десек те, өлім бізді ысырапшылдыққа тәрбиелемеуі тиіс.

 

Жаңалықтар
0