10:15 24 Мамыр 2018
Тікелей эфир
Оқушы

Астанада жаяу жүргіншілерді ажалдан қалай құтқаруға болады?

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
18 0 0

Астана әкімдігі шақыру батырмасы бар қосымша бағдаршамдар орнатуды жоспарлап отыр

АСТАНА, 12 ақпан — Sputnik. Астана әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасымен қалада батырмасы бар 104 бағдаршам орнатылмақ, деп хабарлады елордалық "Сарыарқа" ауданы әкімі Арман Тұрлыбек.

"Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында жаяу жүргіншілер өткелінде шақыру батырмасы бар қосымша бағдаршамдар орнатып, өтетін жерді жарықтандыру бойынша жоспар құрылып жатыр. Жалпы айтқанда, қала бойынша, Астана ІІД әкімшілік полиция басқармасының нұсқауына сәйкес 104 бағдаршам орнатылмақ, оның 36-сы біздің ауданда. Басты басымдық – әлеуметтік нысандар, мектептер мен емханалар маңы", — деді аудан басшысы Fаcebook парақшасында.

Әкім аудан тұрғындарынан тізімді мұқият оқып, қауіпті жаяу жүргіншілер өткелін толықтыруды сұрады.

Кілт сөздер:
жаяу жүргіншілер, бағдаршам, Әсет Исекешев, Астана

Басты тақырыптар