18:55 25 Мамыр 2018
Тікелей эфир
Портфель

"Дос-Мұқасанның" негізін қалаған Сүлеев енді сейсмолоия институын басқарады

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
75 0 0

Досым Сүлеев – ірі ғалым, басқару және автоматтандыру мен білім берудің қазіргі заманғы технологиялары саласының маманы

АСТАНА, 13 ақпан — Sputnik. Директорлар кеңесінің шешімі бойынша сейсмология институтының басшысы болып Досым Сүлеев тағайындалды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан. 

Бұған дейін осы қызметте болған Әнуар Боранбаевпен жасалған еңбек келісімшарты 12 ақпанда күшін жойды. Сейсмология институтының жаңа басшысы Досым Сүлеев жаңа қызметке 24 ақпаннан кіріседі. 

Досым Сүлеев 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1970 жылы университеттің автоматика және есептеу техникасы факультетін бітіріп, техникалық кибернетика кафедрасында инженер қызметіне қалдырылды. Мәскеудің Болат және қорытпалар институтының аспирантурасының күндізгі бөлімін тәмамдап және кандидаттық диссертациясын сәтті қорғағаннан кейін, Қазақ политехникалық институтына педагог ретінде жіберілді. 

1986 жылдың сәуірінен бастап 10 жыл барысында Алматы энергетикалық институтында оқу жұмысы жөніндегі проректор қызметін атқарды. 

1997 жылдан бастап Ғылым және білім беру минстрлігінде бірнеше басшылық лауазымда болды, премьер-министр кеңсесінде қоғамдық мәдени даму бөлімінің басшысы қызметін атқарды.  

2001 жылдың шілде айында Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеттің ректоры болып тағайындалды. 2004 жылы  Ұлттық ғылым академиясының жер туралы ғылым бөлімінің төрағасы болып келеді. 

Бұдан бөлек, Досым Сүлеев "Дос-Мұқасан" ансамблінің негізін салушы және алғашқы басқарушысы. "Дос-Мұқасан" – бүкілодақтық талантты эстрада әртістері сайысының және Берлин қаласында өткен Х Бүкіләлемдік жастар және студенттер фестивалінің лауреаты. Сүлеев халыққа танымал "Той жыры", "Алматы түні", "Жан досым" сияқты тағы басқа 20 өлеңнің және әуеннің авторы. Оның өлеңдері мен әуендері республикалық теледидар және радио музыкалық қорына енген.


Кілт сөздер:
ғалым, жаңа қызмет, сейсмология институты, Дос-Мұқасан, Досым Сүлеев

Басты тақырыптар