03:47 21 Ақпан 2018
Тікелей эфир
Құрылысшылар

"Абу-Даби Плазадағы" дау: жұмысынан айырылғандар Бас прокуратураға шағымданды

© Sputnik /
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
24 0 0

Жұмысынан айырылғандарға компаниялар материалдық көмек көрсетеді

АСТАНА, 13 ақпан — Sputnik. ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Төлеген Оспанқұлов "Абу-Даби Плаза" кешенінде құрылысшылардың жұмысынан айырылуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Абу-Даби Плазада" істейтін төрт компанияның 62 жұмысшысы Бас прокуратураға шағымданды. Олардың шағымы негізінде Астана мемлекеттік еңбек инспекциясы құрылысшылардың жұмыстан шығарылуы қаншалықты заңды болғанын анықтау үшін тексеріс бастады. Осы тексеріс нәтижесінде қанша адам жұмысынан айырылғаны және оның заңды-заңсыз екені анықталады", — деді Оспанқұлов.

Сондай-ақ ол өтемақы жұмыс беруші қол астындағы қызметкерді өз бастамасымен шығарған кезде ғана төленетінін атап өтті. Ал "Абу-Даби Плаза" құрылысшылары жұмыс орындау мерзімінің аяқталуына байланысты жұмысынан айырылып отыр. 

"Біз жұмысшылармен де, жұмыс берушілермен де кездестік. Аталған жұмысшыларға өтемақы қарастырылмағаны түсіндірілді. Бірақ жағдайды ескере отырып, жұмыс берушілер жұмысынан айырылғандарға сыйақы немесе материалдық көмек беру бойынша әлеуметтік міндеттемені өз мойнына алды", — деді Оспанқұлов. 

Оның айтуынша, сома мөлшері 50 мың теңгеден кем болмауы тиіс.

Кілт сөздер:
жұмысшылар, Бас прокуратура, Абу-Даби Плаза

Басты тақырыптар