03:47 21 Ақпан 2018
Тікелей эфир
құрылыс

Қазақстанда ипотека арзандамақ

Қоғам
Қысқа сілтеме алу
806 0 0

Биыл коммерциялық банктер үй салушыларға 125 млрд теңге субсидияланған кредит береді

АСТАНА, 13 ақпан — Sputnik. ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша атқарылатын жұмыстарға тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды жүзеге асыру аясында біз сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік нормативтерді жетілдіру жұмысын бастадық. Сондай-ақ баспананың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2030 жылға қарай әр тұрғынды баспанамен қамту көрсеткішін 30 шаршы метрге дейін жеткізе отырып, ипотекалық несие құнын арзандату мәселесін пысықтап жатырмыз", — деді Қасымбек үкімет отырысында. 

Оның айтуынша, биыл коммерциялық банктер үй салушыларға 125 миллиард теңге субсидияланған кредит, сондай-ақ 105 миллиард теңге ипотека береді.   "Банк секторының жандануы жыл сайын берілетін несие көлемін 350 миллиард теңгеге дейін және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының үлесін экономикалық белсенді халықтың 12 пайызына дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Қолға алынған шаралар арқасында биыл баспананы пайдалануға беру қосымша 6-8 пайызға артады", — деді Қасымбек

Басты тақырыптар