Қоғам

Еліміздің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Асем МиржекееваАстанадағы бұрқасын
Астанадағы бұрқасын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктер алдағы екі күнде еліміздің кей өңірлерінде қар жауып, бұрқасындатады, жел күшейеді

АСТАНА, 13 ақпан — Sputnik. Астана қаласы, Ақмола және Жамбыл облыстарында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі. 

Қар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Синоптиктер ақпан айында ауа райы қандай болатынын айтты
Синоптиктердің болжамы бойынша, 14-15 ақпан күндері Астана қаласында кей уақыттарда қар жауып, бұрқасындатады.   

Ақмола облысында қар жауып, кей жерлерде бұрқасындатады, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Тараз қаласында 14 ақпанда оңтүстік-шығыс бағыттан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші – 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с жетеді.


Жаңалықтар
0